Ол өз өтініші бойынша қызметінен кетті
Қазақстан Республикасы қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Әнуар Жұмаділдаев 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген.