Қазақстанда 30 мыңға жуық жүкті әйел «Pfizer» вакцинасын салдырды

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар 98 мыңнан астам бала емізетін әйелдер екпе алған 

Фото: ашық дереккөзден

16 ақпандағы мәлімет бойынша Қазақстанда «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 769 928 адам, ІІ-ші дозасын 491 477 адам салдырды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналы хабарлады. 

Оның ішінде: 

І-ші компонентімен 

  • Жасөспірімдер – 638 232 
  • Жүкті әйелдер – 29 583 
  • Бала емізетін әйелдер – 98 412

ІІ-ші компанентімен 

  • Жасөспірімдер – 406 635 
  • Жүкті әйелдер – 20 322 
  • Бала емізетін әйелдер – 64 470