КВИ инфекциясы мен пневмониядан бір тәулікте 29 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның 25-і коронавирустан қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

15 ақпанда Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 29 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Оның ішінде 25-і COVID-19 вирусынан, ал 4-еуі пневмониядан қайтқан.