Кәмелетке толмаған баланы азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс өндіріске алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Құқық қорғау органдары өкілдерінің заңсыз әрекетіне қатысты өтініштерді тексеруге ерекше көңіл бөлінеді

 

Фото: ашық дереккөзден

Арнайы прокурорлар кәмелетке толмаған баланы азаптау фактісі бойынша қылмыстық істі өндіріске алды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде қолға түсікендерге құқық қорғау органдары өкілдерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты өтініштерді тексеруге ерекше көңіл бөлінеді. Қазір прокуратураға осындай 363 шағым түскен.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өндірісінде тергеудің рұқсат етілмеген әдістері туралы 178 қылмыстық іс бар. Арнайы прокурорлармен 8 қылмыстық іс өндіріске алынды.

«Оның ішінде Атырау қаласындағы «Динамо» стадионында ұсталғандар,  Алматы облысының полиция ғимаратындағы Батырбаевтың, кәмелет жасқа толмаған Есболатұлының және басқаларға күш қолдану туралы арыздары,  сондай-ақ, өзге де қоғамдық резонанс тудырған фактілер бар», деп мәлім етті Қилымжанов.