Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланған

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Айгүл Амантайқызы Шайымова Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.