Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақтан шықты

Автор: Azattyq Rýhy

«Қызыл» аймақта Алматы қаласы мен 4 облыс қалып отыр

Фото: ашық дереккөзден

16 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлады Azattyq Rýhy.

«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.