Елімізде коронавирустан емделіп жатқан 133 науқастың жағдайы өте ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

 101 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавируспен ауырып жатқан 133 науқастың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. 

16 ақпандағы мәлімет бойынша, 45 328 адам коронавирус инфекциясынан (–44 171+ және 1 157 КВИ-) емделіп жатыр. 

Олардың ішінде 6 191 пациент стационарда, 39 137 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

  •  308 адамның жағдайы ауыр, 
  •  133 пациенттің жағдайы өте ауыр, 
  •  101 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.