Қазақстандықтар ең жиі қолданатын 30 мобильді қосымша

Автор: Azattyq Rýhy

100 ұпайдың 90-ын жинаған «Колеса» бірінші орынды сақтап қалды

Фото: © Depositphotos.com/Jesussanz

Forbes Kazakhstan жыл сайынғы мобильді қосымшалар рейтингінің нәтижесін жариялады, - деп хабарайды Azattyq Rýhy тілшісі Forbes.kz сайтына сілтеме жасап.  

100 ұпайдың 90-ын жинаған «Колеса» алғашқы орынды сақтап қалды. Қазақстандықтар аталған сайтқа ай сайын орта есеппен 129 381 543 рет кірген. Ең жиі ашылған жарнама 1 295 146 қаралым жинаған.

Екінші орында ай сайынғы 33 409 881 қаралыммен 2GIS қызметі. Ол  Қазақстанда ғана емес, ТМД көлемінде де жоғары сұранысқа ие. Соған қарамастан, аталған қосымша мұндай жоғары нәтижеге алғаш рет қол жеткізді.

Өткен жылы екінші сатыдан көрінген Beeline.kz, биыл да «үздік бестікке» енді. Жыл сайынғы рейтинг қазақстандықтардың қаржылық операцияларды жүзеге асыруда интернетті кеңінен пайдаланытындығын көрсетті. Мобильді қосымшалар рейтингінде банк өнімдері басымдыққа ие болды. «Сбербанк Онлайн» и Smartbank сайттары 8-ші дәне 9-шы орындарға тұрақтады. Қазақстан ТҚЖБ 30-шы сатыда.

Мобильді қосымшалардың рейтингіне көлік қызметінің өнімдері аз қатысты. Дегенмен, 2018 жылдың күзінен Қазақстанда жұмысын батаған Anytime – үздік отыздық қатарынан орын алды. Фирмалық көліктерді жалға беретін компания қысқа уақытта жоғары сұранысқа ие болды. 1Fit – фитнес залдар қосымшасы да тезарада өз аудиториясын жинап, 6-шы орынға қол жеткізді. Ал көпшілікке көптен таныс әуе-теміржол көліктері билеттерін сататын Aviata алғаш рет үздіктер қатарынан көрінді. Нәтижесі – 7 орын.