16.02.2022, 00:39
Жаңалықтар
Шерзод Хаширбаев Олимпиада ойындарының финалына өте алмады
Бейжің Олимпиадасында фристайл-акробатикадан ерлер арасында іріктеу сайыстары өтті
Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Бейжің Олимпиадасында фристайл-акробатикадан ерлер арасында іріктеу сайыстары өтті. Онда Қазақстан сапынан Шерзод Хаширбаев бақ сынады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бірінші іріктеуде Хаширбаев финалға өте алмады. Бұл үшін, еске сала кетсек, ең мықты алты спортшының қатарына кіру қажет еді. Қазақстандық спортшы 109.74 ұпай жинап, 15 орынға тұрақтады.
Екінші іріктеу сынында спортшы қателік жіберіп, төрешілер шешімімен тек 69.23 ұпайға ие болды. Ол жарысты 13-орында аяқтап, финалдан тыс қалды.
Жалпы қорытынды бойынша спортшымыз Олимпиада ойындарын 19 орында тәмамдады.
Іріктеу кезеңінің үздігі қытайлық Гуанпу Ци болды - 127.88 ұпай.
Көп оқылған
01.08.2026, 16:15
2 тамыз күні ауа райы қандай болады
01.08.2026, 14:37
«Денесінде сау жер жоқ»: Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сотта жаңа деректер айтылды
01.08.2026, 21:31
+40 градустан асатын ыстық: 2 тамызда дауылды ескерту жарияланды
01.08.2026, 22:19
Жұмысқа орналасамын деп барған қазақстандық Грекияда 125 жылға сотталды
01.08.2026, 07:37
Қазақстанда аптап ыстық сақталады: 1 тамызға арналған ауа райы болжамы