8,8 млн-нан астам адам толық иммундаудан өткен
Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны 9 млн 300 мыңнан асты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
15 ақпандағы мәлімет бойынша I компонентпен 9 307 509 адам вакцина салдырды, II компонентпен 8 884 789 адам.
Өңірлер арасында екпе салдыру көрсеткіші бойынша Алматы қаласы мен Түркістан облысы көш бастап тұр.