$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.01.2020, 21:14
Жаңалықтар

Павлодар облысы әкімінің ұсталғаны рас па – әкімдік жауабы

Павлодар облыстық әкімдігі Инстаграм желісіндегі ресми парақшасында пікір білдірді

Павлодар облысы әкімінің ұсталғаны рас па – әкімдік жауабы

БАҚ-та және әлеуметтік желілерде тарап жатқан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов ұсталды деген хабарлама расталған жоқ, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy  тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 15 қаңтарда кейбір сайттар мен  WhatsApp желісінде Болат Бақауов ұсталды деген мәлімет тарап кеткен еді. Осыған байланысты Павлодар облыстық әкімдігі Инстаграм желісіндегі ресми парақшасында пікір білдірді.

«БАҚ-та, сондай-ақ, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Павлодар облысының әкімі ұсталып, тергелді деген аудиожазбалар мен хабарламалар тарап жатыр. Дәл қазіргі уақытта бұл ақпарат ресми түрде еш расталған жоқ. Ресми деректер жарияланғанша қандай да бір тұжырым жасаудан аулақ болуды сұраймыз. Біз оқиғаның мән-жайы туралы сіздерге әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз арқылы хабарлап отыратын боламыз», – делінген баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айында Павлодар облысының әкімі болып тағайындалған болатын. Еңбек өтілін 1988 жылы Железин ауданы «Советский Казахстан» совхозының автогаражының жұмысшысы және жүргізушісі болып бастаған Бақауов Железин ауданының «Бақауов» шаруа қожалығының басшысы болды, кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

2011-2014 жылдар аралығында Ақсу қаласының әкімі, кейін Павлодар қаласының әкімі болып жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары