$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.01.2020, 19:36
Жаңалықтар

ІІМ вице-министрі зейнет жасына шығуына байланысты қызметінен босатылды

Бұл туралы ақпарат Ақорда сайтында жарияланды

ІІМ вице-министрі зейнет жасына шығуына байланысты қызметінен босатылды
Фото: tengrinews.kz

«Мемлекет басшысының өкімімен Рашид Тауфикұлы Жақыпов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды», - делінген Ақорда сайтында.

Рашид Жақыпов 1959 жылдың 10 шілдесінде ШҚО-да дүниеге келген. Полиция генерал-майоры. Әр жылдары ШҚО, Ақмола облыстарында Ішкі істер департаментін басқарған. 2014 жылдың қыркүйегін бастап ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Ерекше қызметі үшін» медальдарының және «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «Ішкі істер органдарының ардагері», III және II дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан полициясына 15 жыл» сияқты марапаттардың иесі.

Серіктес жаңалықтары