Ол еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған
ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.
Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген.
«Болашақ» бағдарламасының түлегі.
2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.