Коронавирустан емделіп жатқан 350 науқастың жағдайы ауыр – ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

 97 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 53 977 адам коронавирус инфекциясынан (–52 808+ және 1 169 КВИ-) жазылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың ішінде 7 174 пациент стационарда, 46 803 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  350 адамның жағдайы ауыр,
  •  144 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  97 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.