Бейжіңде тау шаңғысынан қазақстандық спортшы жарысты аяқтай алмады

Автор: Azattyq Rýhy

Захар Кучин жарысты неліктен аяқтай алмағанын түсіндірді.

Бейжің Олимпиадасында таң шаңғысынан алып слалом бойынша бірінші кезең аяқталды, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл сында қазақстандық Захар Кучин жарыс жолына шыққан болатын. Спортшы жарысты аяқтай алған жоқ. Көш басында швейцариялық Марко Одерматт келеді. Мәреге жеткен атлеттер жүлдегерлерді анықтаудың екінші мүмкіндігін пайдаланады. 

Захар Кучин жарысты неліктен аяқтай алмағанын түсіндірді. 

«Бүгінгі ауа райы көптеген спортшыға кері әсерін тигізді. Жарысты бастаған 90 адамның жартысы ғана мәреге жете алғанын көрдіңіздер. Менің негізгі мақсатым бірінші мүмкіндігімде мәреге дейін құламай жету еді.

Кейін бапкерлермен ақылдасып, екінші мүмкіндігімді ойластыруды көздегенбіз. Бірақ таудан түсер кезде, яғни жоғары жақта бірден техникалық қате жіберіп, жарысты аяқтай алмадым. Негізі, дәл осы алып слаломда жақсы өнер көрсетуші едім. Ойлағанымдай болмады. Енді слалом бәсекесін күтеміз», - деді Захар. 

Айта кетелік, жарыс жолына шыққан 87 қатысушының 54-і финалдық кезеңге өтті.