$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада «Сергек» камералары ереже бұзған жаяу жүргіншілерді тіркейді

Бұл жаңашылдық «Жолдарда балалардың қауіпсіздігі» жедел алдын алу іс-шаралары аясында енгізілді

Елордада «Сергек» камералары ереже бұзған жаяу жүргіншілерді тіркейді
Фото: rus.redtram.com

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені жұмысына қосымша функция енгізілді. Камералар 26 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде «бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту» ережесін бұзғандарды анықтайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жаңашылдық «Жолдарда балалардың қауіпсіздігі» жедел алдын алу іс-шаралары аясында енгізілді.

«Нұр-Сұлтан қаласының 26 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің қосымша функциясы әзірленді, бұл «бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту» ережесін бұзғандарды анықтауға мүмкіндік берді», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Полицейлер 2021 жылы қаланың жаяу жүргіншілер өткелінде 98 жол-көлік оқиғасы болғанын атап өтті. Реттелетін өткелдерде жаяу жүргіншілерді көлік қағып кетудің 38 және реттелмейтін өткелдерде 60 оқиғасы орын алған, Апат салдарынан 95 адам әртүрлі дене жарақатын алды.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардың бәріне үндеу жасай отырып, бір-біріне құрмет көрсетуді, ал жүргізушілер жаяу жүргіншіні көргенде абай болып, жылдамдықты азайтуға шақырады.

Серіктес жаңалықтары