Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады
Ауа райының бұзылуына Ақмола және Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады.
13 ақпан күні сағат 12:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қар, жел, боран, жолдың көрінбеуі) Ақмола және Қарағанды облыстарында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Атап айтқанда Ақмола облысы бойынша:
1. «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1291-1425 шақырымы, Нұр-Сұлтаннан Теміртауға дейінгі учаске;
2. «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолының 18-231 шақырымы, Нұр-Сұлтаннан Щучинскіге дейінгі учаске;
Қарағанды облысы бойынша:
1. «Қызылорда-Павлодар» тасжолының 937-1135 шақырымы, Қарағанды қаласынан Павлодар облысына дейінгі учаске;
2. «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 0-16 шақырымы, Қарағанды қаласының Солтүстік-Шығыс айналма жолындағы учаскедегі жолдар жабылды.