Мемлекет басшысы қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасынан қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетуді тапсырды.Бұл туралы ол қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сол қасіретті оқиғадан бері 40 күн өтті. Бүгін марқұмдардың рухына құран бағыштау үшін мешітке арнайы келдім. Қаза болған адамдардың жақындарына тағы да көңіл айтамын.
Мемлекет қаралы шаңырақтарды қараусыз қалдырмайды. Мен қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетуді тапсырдым», – деді Президент.
Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қоры да осы қайырымдылық жұмысқа атсалысады деп ойлайтынын, енді халқымыздың тыныштығын бұзуға жол берілмейтінін атап өтті.