22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Елордалықтар бұрынғыша үй карантині режимін бұзуды жалғастыруда. Өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке «қызыл» статусы бар 22 адам тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Карантин мен оқшаулау режимін сақтау әркімнің азаматтық міндеті. Өкінішке қарай, әркім өзі үшін, денсаулығы үшін, өзгелердің жағдайы үшін жауап беруге дайын емес.
COVID-19 бойынша үй карантинін бұзғаны үшін «қызыл» статусы бар 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
«Қызыл» статусы COVID-19 үшін ПТР зерттеуінің оң нәтижесін алған адамдарға беріледі. «Қызыл» статусы бар адамдар өзін-өзі оқшаулауда (үй карантинінде) болуы тиіс, ПТР тестілеудің оң нәтижесі анықталған күннен бастап 10 күнді қоса алғанға дейін, ПТР тестілеудің теріс нәтижесі алынған кезде үй карантині 7 күнге дейін қысқартылады.
Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды пандемияға қарсы шараларды мүлтіксіз сақтауға шақырады: маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, сондай-ақ адам көп жиналатын орындарға бармауға тырысу.
Әрқайсымыздың өз денсаулығымыз бен жақындарымыздың денсаулығын сақтау үшін саналылық пен тәртіп қажет. Коронавирустан қорғаудың жалғыз жолы – вакцинация», - делінген әкімдік хабарламасында.