Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 130-ға жуық курсант зардап шекті – Қорғаныс министрлігі

Автор: Azattyq Rýhy

Жараланған екі курсант әлі күнге дейін ауруханада жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікті ауыздықтау кезінде әскери оқу орындарының 130 курсанты зардап шекті, деп хабарлады Azattyq Rýhy.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бейбіт митинг тәртіпсіздікке ұласып, курсанттар тұрақты орналастыру пунктеріне жіберілген.

"Алматы қаласындағы тәртіпсіздіктер кезінде 130-ға жуық курсант зардап шекті. Барлығына дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетілді. Курсанттар оқуға оралды. Қазір екі курсант ауруханада жатыр. Әскери оқу орындары курсанттары мен Қарулы Күштердің әскери қызметшілері арасында қаза тапқандар жоқ", - делінген хабарламада.