Елімізде жеңілдетілген несиемен берілетін көліктер тізімі жария болды
15 мыңнан аса қазақстандық жеңілдетілген автонесие алу үшін кезекке жазылған
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автокөлік құрастыру басқармасы қызметкері жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша кестелерді жария етті. Бағдарламаға қанша қаражат қарастырылатыны, бастапқы жарна мен қандай көліктер алуға болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ИИДМ 2027 жылға дейін жеңілдетілген автонесиеге 250 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отырғаны айтылды. Мемлекет бюджетінен 150 миллиард, ал «ӨКМ Операторы» кәдеге жарату төлемінен 100 миллиард жұмсайды. Биыл жыл соңына дейін мемлекет бюджет тарапынан бағдарламаны жүзеге асыруға 30 милиард теңге бөлу көзделген. Ал 2023 жылы 45 миллиард, 2024 жылы 50 миллиард беріледі», - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Бағдарлама бойынша берілетін көліктер тізімі төмендегідей:
Бұған дейін халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтарына бастапқы жарнасыз көлік сатып алуына 100 миллиард теңге қарастырылатыны айтылған еді. Жылдық мөлшерлемесі 4%-дық несиемен көлік алудың шекті соммасы – 10 млн теңге.
Қымбатырақ көлік сатып алғысы келетін тұтынушылар қаржы айырмашылығын өз қалтасынан төлеп алуына болады. Ал екінші деңгейлі банктер көлік сатып алушыдан бастапқы жарнаны талап ету немесе талап етпеу мәселесін жеке-жеке қарастырады.
Осы күнге дейін 15 мыңнан аса қазақстандық жеңілдетілген автонесие алу үшін кезекке жазылған.