$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда ғасыр жасаған әжей коронавирустан емделіп шықты

Ауруханадан шыққан күн Дәмеш Қаратаеваның туған күнімен тұспа-тұс келді

Алматыда ғасыр жасаған әжей коронавирустан емделіп шықты

Алматыда 5 ақпан күні И.Жекенова атындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ғасыр жасаған әжей ауыр халде түсті. Дәрігерлердің айтуынша, науқас бірден реанимация бөлімінде жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша Дәмеш Қаратаева 100 жаста.

«Мені емдеген ақхалатты жандарға алғысым шексіз! Өмірлеріңіз ұзақ болсын! Сіздерге менің жасымды берсін! Еліміз бейбіт және гүлденген болсын!» - деді ол.

«Науқас коронавирустық инфекция диагнозымен, өкпенің 25%-ға зақымдануымен түсті. Ауруды жеңуде әжейдің өмір сүруге деген құлшынысы үлкен рөл ойнады», – деді И.С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Ангелина Гоцкая.

«Әжем бір апта жөтелгеннен кейін қатты алаңдадық, КТ жасадық. Өкпенің 25%-ы зақымданыпты. Өзім дәрігер болып жұмыс істеймін, өзге әріптестеріммен кеңесіп, жедел ауруханаға жатқыздық. Телефонмен сөйлескен кезде әжемнің жағдайы жақсарғанын байқадым. Әжеміздің немерелері, шөберелері, шөпшектері көп. Осы ауруханада жұмыс істейтін ақхалатты әріптестеріме алғысымды білдіремін», - деді Д.Қаратаеваның немересі Нұрбол Жұмабеков.

Ауруханадан шыққан күн Дәмеш Қаратаеваның туған күнімен тұспа-тұс келді. Осыған орай аурухана қызметкерлері әжейді арнайы құттықтап, сыйлық жасады.

Серіктес жаңалықтары