Елордада бір айда 70-ке жуық мас жүргізуші ұсталды
Жол ережесін бұзған 489 жаяу жүргінші анықталды
Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде болған 2300 азаматты ұстады. Бұл туралы Azattyq Rýhy қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Күн сайын медициналық-әлеуметтік оңалту орталығына патрульдік полиция полкінің инспекторлары қала көшелерінде және қоғамдық орындарда мас күйінде болған азаматтарды жеткізеді.
«Осы кезеңде куәландыру үшін мекемеге 2300 азамат жеткізілді, оның 1037-сі орналастырылды. Қаланың әлеуметтік бейімдеу орталығына нақты тұрғылықты жері жоқ 69 адам жеткізіліп, оның ішінде 27 адам орналастырылды. Сонымен қатар, қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы ПД Полк командирінің орынбасары Марат Бейсембаев.
Қоғамдық тәртіпті қорғау саласында қоғамдық тәртіп бұзумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың, оның ішінде ұсақ бұзақылықтың (ортақ пайдалану орындарын ластау), белгіленбеген орындарда темекі шегудің, абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алуға, жолын кесуге және оларды анықтауға ерекше назар аударылады.
«2022 жылдың есептік кезеңінде қоғамдық тәртіпті қорғау саласында 1800-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
2022 жылдың 1 айының қорытындысы бойынша Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 25 қылмысты ашты, оның ішінде 2 кісі өлтіру, 3 адам өлтіруге оқталу, 10 ұрлық және басқалар.
Автокөлік құралдарын ұрлаудың алдын алу және жолын кесу мақсатында халық арасында азаматтардың мүлкін қылмыстық қол сұғушылықтан, атап айтқанда автокөлік құралдарын ұрлаудан сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету мәселесі бойынша профилактикалық сипаттағы жадынамалар таратылды», - делінген департамент хабарламасында.
2022 жылдың ағымдағы кезеңінде ПП полкінің жеке құрамы автокөлік иелеріне 4 мыңға жуық хабарлама таратты. Сонымен қатар, «ашық автокөлік» рейдтік іс-шаралары жүргізілуде. Күн сайын есіктері мен жүк салғыш бөлігі ашық машиналарды қалдыру фактілері анықталады. Рейдтер нәтижесінде 394 ашық автокөліктер анықталды, оның 236-сы жабылды.
Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Мәселен, 2022 жылдың 1 айында ПП полкінің жеке құрамы 5 мыңға жуық жол ережесін бұзудың жолын кесті. 68 мас жүргізуші ұсталды, жол ережесін бұзған 489 жаяу жүргінші анықталды, 251 көлік айып тұрағына қойылды.