Елімізде соңғы 10 жылда түрмеге қамалғандар саны 2 есе азайған

Автор: Azattyq Rýhy

Сондықтан соңғы 10 жылда 14 түзеу мекемесі жабылды

Фото ашық дереккөзден

Елде түрмеге қамалатындар саны жылдан-жылға азайып келеді. Соңғы 10 жылда абақтыға жабылғандардың қатары 2 есе кеміген. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қылмыс жасайтындар азайған соң, елде түрме де жабылып жатыр. Соңғы 10 жылда 14 түзеу мекемесі жойылған. Бұрын Қазақстан істі болатындар саны бойынша әлемдік рейтингте 31-ші орында еді. Ал қазір 98-ші сатыға жылжыған. Қоғамдық бақылау комиссиясы жазасын өтеп жатқандардың құқығы тапталмауы керек дейді. Сондықтан олар елдегі түзеу мекемелеріне жиі мониторинг жүргізеді.