Астанада «қызыл» статусы бар 6000-нан астам адам карантин талаптарын бұзды

Автор: Azattyq Rýhy

Қалада жыл басынан бері үй карантинін бұзушылар саны артқан

Фото ашық дереккөзден

Елордада «қызыл» статусы бар 6 мыңнан астам тұрғын карантин талаптарын бұзды. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша қалада жыл басынан бері үй карантинін бұзушылар саны артқан.

«Осы жылдың басынан 10 ақпанға дейін Ashyq жобасына қатысушы нысандарда үй карантинін бұзған 6476 адам анықталды, оның ішінде 6398 адамның «қызыл» статусы бар, ал 78 адамда статусы – «сары», - деді Бейсенова.