Қазақстан 2010 жылы 31-орында болған
Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде бас бостандығынан айыру орындарында отырғандар саны екі есе қысқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түрме бойынша әлемдік рейтингіде Қазақстан 2010 жылы 31-орыннан былтыр 98-орынға ауысты.
Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев хабарлады.
Түрмеде отырғандар санының азаюы нәтижесінде материалдық тұрғыда нашар 14 мекеме жабылды.
«Министрлік Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізген жұмыстардың нәтижесінде, жалпы алғанда, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуын айтарлықтай төмендетуге қол жеткізілді (2018 жылы – 385, 2019 жылы – 726, 2020 жылы – 444). Өткен жылы ішкі істер органдарында 286 бұзушылыққа жол берді. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға төмен (454). Барлық бұзушылықтар бойынша қызметтік тергеу жүргізілді, кінәлілер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 82 лауазымды тұлға, 33 басшы бар», - дейді Ішкі істер министрінің орынбасары.