Сынап бағаны дәл қазір -25 градусты көрсетіп тұр
Павлодар облысында бірқатар мектеп ауа райына байланысты қашықтықтан оқуға ауысты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Сынап бағаны дәл қазір -25 градусты көрсетіп тұр.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 ақпан күні бірінші ауысымда оқитын Ақтоғай ауданының 1-11-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Сонымен қатар Ақсу қаласының, Успен, Май, Железин, Шарбақты, Аққулы және Тереңкөл аудандарының 1-4-сынып оқушылары да қашықтан оқуға ауысты.