Алайда, халқының тек 10 пайызы ғана екпе алған елдер де бар
Бүгінде әлем халқының тең жартысы коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy "Хабар24"-ке сілтеме жасап.
Алайда, табыс деңгейі төмен елдерде екпенің ең болмағанда бір дозасын қабылдағандардың үлесі небәрі 10 процент шамасында ғана. Осы ретте сарапшылар препаратты бөлуде теңсіздік мәселесі әлі жойылмағанын айтады. Өйткені, Еуропада иммундау көрсеткіші жоғары болса, Африка елдерінде тұрғындардың 11 проценті ғана екпенің екі дозасын алған екен.