$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда полицейлері алаяқ әйелдерді ұстады

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде

Қызылорда полицейлері алаяқ әйелдерді ұстады
Фото ашық дереккөзден

Қызылорда полицейлері алаяқ әйелдерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 7 ақпан күні алаяқтардың құрбаны болған қала тұрғыны арызданды. Арызданушының айтуы бойынша, белгісіз бір әйелдер телефонынан мобильді қосымша арқылы бір миллион теңге несие рәсімдеп алған. Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, облыс тұрғындары ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі 1-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

 

Серіктес жаңалықтары