Ақмола облысында 38 жастағы әйел бесінші қабаттан секіріп қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша сараптама нәтижесі тағайындалды

Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында 38 жастағы әйел бесінші қабаттан секіріп қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әйелдің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Ал Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі аталған деректі растады.

«Полиция басқармасына Степногор қалалық жедел жәрдемнің фельдшері хабарласты. Ол 1984 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны бесінші қабаттың балконынан секіріп кеткенін айтты», - деп мәлімдеді полиция.

Бұрын Степногор қаласында тұрған ол анасын көруге келген. Аталған дерек бойынша сараптама нәтижесі тағайындалды. ҚК-тің 105-бабына (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.