Мемлекеттік қарызды төлемеген борышкерлер тіркелген мекенжай бойынша тұрмайды
Жамбыл облысында алимент төлемеген 132 борышкер іздеуде, деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон басқармасының алиментті төлеуден жалтарған борышкерлерді іздестіру маңызды бір жұмыс бағыты болып саналады. Борышкерлердің мекенжайының белгісіз болғандығы негізінен 231 борышкерге қатысты іздестіру істері арналған, яғни оның ішінде 132 іздестіру ісі алимент төлемегендерге қатысты болса, 99 іздестіру ісі мемлекеттік қаражатты төлеуден жалтарғандар санатына жатады. “Іздеуге қандай себептен қойылады?” деген сұрақ көп адамда туындауда. Бірден бір себебі – алимент, мемлекеттік қарызды төлеуден жалтарған борышкерлердің тіркелген мекенжайы бойынша тұрмауы салдарынан жеке сот орындаушыларының борышкерлерді мекенжайы бойынша таппағандықтан іздестіру қаулысы жергілікті прокурормен бекітіліп іздестіру ісі арналады.