Ғимарат құрылыс жұмыстарының ережелерін бұза отырып салынған
Елордадағы Сыртқы істер министрлігі ғимаратының жанындағы Сарайшық көшесінде салынып бітпеген ғимарат толығымен бұзылды. Ғимаратты құлату сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 8 ақпанда кешке болған.
"Егер сіз шамамен бір сағат бұрын ҚР СІМ ауданында естен кетпес дауылды естіген болсаңыз, онда алаңдамаңыз: бұл жай ғана құрылысы ұзақ уақытқа созылған ғимарат. Сақ болыңыз", - делінген желідегі видео сипаттамасында.
Елорда орталығында салынып бітпеген ғимарат 2021 жылдың тамыз айында бұзыла басталған. Astana әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі бұл нысан ұзақ мерзімді құрылыс деп танылғанын мәлімдеді.
"Ғимарат құрылыс жұмыстарының ережелерін бұза отырып салынған. Сол үшін ұзақ тұрып қалған конструкция бүлінген. Одан әрі пайдалану қауіпсіз емес", - деп түсіндірді "Astana ӘКК" АҚ өкілдері.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі де «сақалды» құрылыстың сүрілгені туралы видеғоға қатысты түсініктеме берді.
«Бұл нысан ұзаққа созылған құрылыс деп танылғандықтан оны сүріп тастау бойынша жұмыстар жүргізілген болатын. Ғимарат құрылыс ережелерін бұза отырып салынған еске саламыз. Оның үстіне ұзақ уақыт бойы шала салынған күйі тұрғандықтан, нысанның қаңқасы да бүлінген. Ғимарат орналасқан жер телімі инвестордың қарауында екенін айта кету керек», - деп түсініктеме берді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.