Жаңаөзенде азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша комиссия жұмысын бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Жұмысқа қабылдау алгоритмінің толық ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде комиссия құрылды

Жаңаөзенде жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша облыстық комиссия жұмысын бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін, 8 ақпанда, облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мұнай-газ саласындағы ұйымдарға жұмысқа қабылдау алгоритмінің толық ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылды.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардан басқа Жаңаөзен қаласындағы жұмыссыздар қатарынан бастамашыл топ өкілдері де кірді.

Комиссияның негізгі мақсаты – бастамашыл топтың белсенділерімен бірлесіп, мәселені шешу жолдарын қарастыру және екі жаққа да қолайлы оңтайлы шешімге келу.