$ 523.72  544.09  5.2
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент: Жайылымдық жердің тапшылығы қағаз бетінде ғана азайған

Үкіметке жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы мәселені түбегейлі шешуді тапсырды

Президент: Жайылымдық жердің тапшылығы қағаз бетінде ғана азайған
Фото ашық дереккөзден

Жайылымдық жерлердің тапшылығын шешу жолында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер көзбояушылыққа жол берген. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен бос жатқан жайылымдық жерлерді тезірек қайтарып алып, оны ауыл тұрғындарына беруді тапсырған болатынмын. Қазір халық үшін айрықша маңызы бар жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірақ бұл жерде де Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер көзбояушылыққа жол берген. Министрлік жайылымдық жерлердің тапшылығы 6,8 млн гектарға немесе 32 пайызға азайды деп мәлімет беріп отыр. Бұл шаруа қожалықтармен меморандумға қол қоюдың және елді мекендердің аумағын кеңейтудің арқасында мүмкін болды. Алайда Бас прокуратураның тексерісі көрсеткендей бірқатар өңірде жайылымдық жерлердің тапшылығы әлі де азаймаған»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Ақмола, Атырау және Қостанай облыстарында ауыл тұрғындарына «малын фермерлердің жеріне жаюға рұқсат беріледі» деген жалған меморандум жасалғанын атап өтті.

«Шын мәнінде жайылымдық жердің тапшылығы қағаз бетінде ғана азайған. Бұдан бөлек, халықтың жайылымға деген сұранысын төмендетіп көрсете бастаған. Үкімет неге бұған көз жұма қарап отыр?! Мұндай әрекеттер ауыл халқының наразылығын өршітпесе, кемітпейді. Үкіметке жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы мәселені түбегейлі шешуді тапсырамын», - деді Президент.

Серіктес жаңалықтары