$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Павлодарда бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

ҚР ҚҚА баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті 2022 жылы 24 қаңтарда  облыстық кардиологиялық орталығында жабдықты пайдалануға беру үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Сотқа дейінгі тергеуді тіркеуге Павлодар облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің аудиторлық тексеруі негіз болған. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Еске сала кетейік, орталықтың қаржылық жұмыстарында құқықбұзушылықтар анықталған болатын.

Серіктес жаңалықтары