Лауазымды тұлғаларға қатысты 336 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылды
Қызылорда облысында бір жыл ішінде 24 млрд теңгеден астам сомаға бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр облыс департаментімен 255 аудиторлық іс-шара өткізілген, нәтижесінде 24,1 млрд теңге сомаға бұзушылықтар анықталған.
«Оның ішінде 17,9 млрд теңге немесе 74,3% сомасында бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтар (қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар) және анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасынан 6,1 млрд теңге немесе 25,3% мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада бұзушылықтар анықталды», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, 2 млрд теңге мөлшерінде негізсіз пайдаланылған қаражат бюджетке қайтарылды.
Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілердің лауазымды тұлғаларына қатысты 336 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, айыппұлдың жалпы сомасы 31 млн теңгені құрады. Оның 30,3 млн теңгесі бюджетке қайтарылды.