Бейжің Олимпиадасын 150 мың көрермен тамашалайды

Автор: Azattyq Rýhy

Бейжіңдегі Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді

Бейжіңдегі Қысқы олимпиада ойындарын 150 мыңға жуық көрермен тамашалай алады. Бұл туралы «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Ян Шуань мәлімдеді, деп жазады «Қазақ спорты».

Қаңтар айында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты төртжылдықтың бас додасына билеттер сатылымнан алынған болатын. Кейіннен билеттер белгілі бір топтарға ғана берілетіні айтылды.

«Бұл көрермендер қатарына Қытайдың құрлықтық бөлігінде өмір сүретін шетелдіктер, дипломатиялық миссия мүшелері мен маркетинг жөніндегі серіктестер, жергілікті тұрғындар және бастауыш пен орта мектеп оқушылары кіреді», – деді Ян Шуань Халықаралық олимпиада комитетінің сессиясында сөйлеген сөзінде.

Бейжіңдегі Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.