Энергетика министрі АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді

Автор: Еркежан Айтказина

Әзірге Қазақстанда қандай да бір учаскеде станция салу жөнінде нақты шешім жоқ

Көрнекі фото

АЭС құрылысына қатысты нақты әзірге ешқандай шешім жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында Энергетика министрі Болат Ақшолақов АЭС салуға қатысты нақты ешнәрсе айта алмады.

Оның айьуынша, экологияны жақсарту мақсатында күн тәртібінде көмірді пайдалануды шектеу мәселесі тұр.

«Біз көмір өндірісін кеңейте алмаймыз, өйткені экологиялық тұрғыда таза емес. Газ генерацияға пайдалану үшін өтпелі неғұрлым таза отын ретінде қарастыруға болады. Сондықтан біз әртүрлі нұсқаларды қарастырамыз, оның біреуі – АЭС. Бірақ бұл мәселе өте «нәзік», ол қоғамның қатысуымен өте мұқият зерттеуді қажет етеді. Әзірге Қазақстанда қандай да бір учаскеде станция салу жөнінде нақты шешім жоқ», - деді Энергетика министрі.