Утильтөлемдерді қабылдау жүйесі қайта іске қосылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір бұл жұмыспен «Жасыл Даму» АҚ айналысады

Фото: kolesa.kz

«Жасыл Даму» АҚ утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесін қайта іске қосты. Бұл туралы Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта өндірушілер мен импорттаушылардан утилизациялық алым қабылдау толық жүзеге асырылуда.

2022 жылғы 24 қаңтардан бастап утилизациялық төлем қабылдау «Жасыл даму» АҚ-ның екінші деңгейлі банктердегі жаңа деректемелерінде жүргізіледі.

«ӨКМ Операторы» ЖШС функциялары «Жасыл Даму» АҚ-ға өткен уақыттан бері утилизациялық алым төленгендігі жөнінде 865 сертификат берілді.