«Bek Air» әуе компаниясының орындалмай қалған рейстеріне сатылған билеттердің құны толығымен қайтарылады
Бұл туралы ақпаратты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
«Халықаралық әуе кемесі қауымдастығының (ИАТА) ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта «Bek Air» әуе компаниясынан Z9 жеке идентификаторы (коды) қайтарылып алынбаған. Осы код аталған әуе компаниясына тиесілі», - делінген министрліктің хабарламасында.
Z9 кодын қайтарып алған күннің өзінде де, «Bek Air» әуе компаниясының орындалмай қалған рейстері үшін сатып алынған билеттердің ақшасын қайтарып беруге еш әсер етпейді.
«Әуе компаниясының ИАТА коды – ИАТА әуе компаниясымен берілген 2 немесе 3 символды жеке идентификатор. Бұл код ИАТА-ның № 762 резолюциясына сәйкес беріледі. Әуе компаниясының кодтарын әуе компаниялар, билет сатылымы бойынша агенттіктер, билеттерді брондау жүйелері мен авиациялық тасымалға қатысты өзге де кәсіпорындар пайдаланады. «Бэк Эйр» әуе компаниясының орындалмай қалған рейстеріне билет алған адамдар алған жерінен билет ақшасын толығымен қайтарып ала алады», - деді министрлік.
Егер тараптардың бірі әуемен тасымалдау шартының талаптарын орындамаса, онда Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XIII Азаматтық кодексінің 9-бабына сәйкес екінші тарап азаматтық-құқықтық дауға сәйкес сот органдары арқылы материалдық және моральдық залалды өндіріп алуға құқылы.