Елорданың бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Ashyq жобасы бойынша жұмыс істей алатын нысандар тізіміне өзгерістер енді

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова карантин шектеулері туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы» 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулыға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Оның ішінде Ashyq жобасы бойынша жұмыс істей алатын нысандар тізіміне өзгерістер енді.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап өз күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.