«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының төрағасы қызметінен кетті

Автор: Еркежан Айтказина

Республикалық маңызы бар 3 600 шақырым жолға жөндеу жүргізілді

«Қазавтожол» ұлттық компаниясының төрағасы Асқар Мұратұлы қызметінен кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін – менің соңғы жұмыс күнім. Ең бастысы – осы уақыт аралығында жүзеге асқан барлық жобалар менің әріптестерімнің жемісті еңбегі деп білемін. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің бізге жүктеген тапсырмаларына сай Республикалық маңызы бар 3 600 шақырым жолда орта және күрделі жөндеу жұмыстары орын алып, оның 2 мың 200 шақырымына қозғалыс берілді, 324 шақырымы іске қосылды», - дейді ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.