Ол өткен жылдың соңында лотереядан 7 млн теңгенің автокөлігін жеңіп алған
Батыс Қазақстан облысындағы «Шоғай» шекара бөлімшесінің аға барлаушысы сержант Нұрлыбек Иманбаев лотереядан ұтып алған көлігінен түскен ақшаны қаңтар трагедиясында қаза болған курсанттардың отбасыларына 500 мың теңгеден таратып бермек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
БҚО бойынша департамент, Жәнібек аудны бойынша шекара басқармасы «Шоғай» шекара бөлімшесінің үшінші мобильдік тобының аға барлаушысы сержант Нұрлыбек Иманбаев өткен жылдың соңында лотереядан 7 млн теңгенің автокөлігін жеңіп алған.
«Олжадан бас тартуды ұйғардым. Оның құнын ақшалай алуды жөн көрдім. Жеке табыс салығын шегергенде, (10%-751900 құрайды) қолыма 6767100 теңге тиді. Бұл соманың барлығын Алматы қаласында өткен қаңтар трагедиясында қаза болған 2 курсанттың отбасына 500 мың тенгеден материалдық көмек ретінде жіберуді жөн санадым. Сонымен қатар, ауыр науқасқа шалдыққан бала Бекжігіт Мағауяның отбасына 1 млн теңге аударамын. Ол Ресей астанасы Мәскеудегі клиникалардың бірінде ем алады», - дейді Нұрлыбек Иманбаев.
Шекарашы қалған 4767100 тенге соммасын БҚО Бөкей ордасы ауданының Бисен ауылы тұрғандарының төмен жағдайда қамтылған мұқтаж отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін «Харекет» қайырымдылық қорына аударуға шешім қабылдаған.