70 мың азаматқа қолдау көрсету үшін 50 млрд теңге қажет
Бүгінде елімізде шамамен 590 мың адам үй кезегінде кезекте тұр, оның ішінде 210 мың адам халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жатады. Соның ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен шамамен 70 мың азамат қысқа мерзім ішінде тұрғын үймен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдерді тағайындау қағидалары әзірленді, онда Отбасы Банкі оператор болып белгіленді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Банк кезекте тұрған адамдарды тұрғын үйге мұқтаждығы өлшемшарты бойынша ақпараттық жүйе арқылы тексереді. Атаулы көмек қағидаты азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген: 50% мемлекеттік субсидиялар есебінен жабылады, ал қалған 50%-ды алушы өз бетінше төлейді», - деді министр.
Өтініш берушіге қойылатын негізгі талаптар:
Төлемдерді тағайындау үшін өтініш беруші банкке ЭЦҚ арқылы:
«70 мың азаматқа қолдау көрсету үшін 50 млрд теңге қажет, бұл ретте көрсетілген қаражат жыл сайын кезекте тұрған адамдар санына байланысты өзгеруі мүмкін. Республикалық бюджетке жүктемені төмендету мақсатында жергілікті бюджеттерден 10% мөлшерінде бірлесіп қаржыландыру қажет. Яғни, жыл сайын республикалық бюджеттен шығындар 40 млрд теңгені және жергілікті бюджеттер үшін 10 млрд теңгені құрайды», - деп нақтылады ведомство басшысы.