Атырау қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Әлимұхаммед Құттымұратұлы 2018 жылдың маусымынан бастап Атырау қаласының әкімі қызметінде болды

фото: facebook

Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы қызметінен кеткені жайлы жазба қалдырды.

«Бүгіннен бастап мен өз еркіммен қала әкімі лауазымын босатып жатырмын. Қызметімде қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін, қала тынысы үшін сіздерсіз көптеген оңды өзгерістер жүзеге аспас еді. Сіздерге алғыс білдіремін. Қала өміріне белсенді қатысуға дайын екеніңіз үшін шын жүректен ризамын. Қызметімізде біз әрқашан халықтың мүдделері мен ел және аймақ басшылығының нұсқауларын басшылыққа алдық.

Мен қаламызды үнемі уайымдаймын және оның өркендегенін қалаймын. Ал сіздердің табыстарыңыз бен жетістіктеріңіз үшін шын жүректен қуанамын! Барлығы үшін рахмет», - дейді экс-әкім facebook аккаунтындағы жазбасында.

Әлимұхаммед Құттымұратұлы 1983 жылдың 12 тамызында Ақтөбе облысы Хромтау қаласында дүниеге келген. 2016-2018 жылдары Атырау облысындағы Махамбет, Жылыой аудандарының әкімі болған. 

Атырау қаласы әкімінің міндетін уақытша қала әкімінің орынбасары Бауыржанұлы Ринат Жанғылышов атқарады.