Қаражат аударғандар тізімі жарияланды
2022 жылдың 16 қаңтары мен 28 қаңтары аралығында қор шоттарына барлығы 93,3 млрд теңге аударылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Болжамдық есептерге сәйкес, қор жылына кемінде 100 млрд теңге көлемінде қаражат жинақтайды. Алдын ала есептеулер шетелдік және халықаралық компаниялардан қаражат алуды көздемейді.
28 қаңтарда «Қазақстан халқына» қоры шоттарына қаражат аударғандар:
Қор басшылығы алынған барлық қаражаттың толық ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетінін мәлімдейді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады.
«Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған барлық қазақстандықтарға, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдіреді», - делінген хабарламада.
«Қазақстан халқына» ҚҚ шотына қайырымдылықты келесі деректемелердің бірі бойынша жүргізуге болады: