Ақпан айының алғашқы үш күніне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі байқалады

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК ақпан айының алғашқы үш күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Болжам бойынша атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты солтүстік, шығыс өңірлерде қар, еліміздің батыс өңірлерінде жаңбыр және көктайғақ құбылыстары бар қар жауады.

«Республика бойынша тұман, желдің күшеюі байқалады. Еліміздің шығысы мен орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда аяз 15-28 градусқа дейін сақталады, ал Қазақстанның басым бөлігінде температуралық фонның елеулі өзгерістері күтілмейді», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.