COVID-19 вирусын жұқтырған 393 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 30 қаңтарындағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 16 адам қайтыс болды.
30 қаңтардағы мәлімет бойынша, 156 342 адам коронавирус инфекциясынан (–154 988+ және 1 354 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 226 пациент стационарда, 146 116 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 393 адамның жағдайы ауыр,
• 163 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 95 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 28 қаңтардағы мәлімет бойынша 173 жаңа жағдай тіркелді, 2 өлім жағдайы тіркелді.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 86 311;
- өлім жағдайы – 5 264.