Президент олигополия туралы: Бұл шын мәнінде мені толғандырады

Автор: Azattyq Rýhy

Елдегі негізгі экономикалық секторларды белігілі бір топтың шынымен толықтай басқаруы олигополияның классикалық белгісі

Фото ашық дереккөзден

Елдегі ірі кәсіпкерлік салалар белгілі бір адамдардың қолында ғана шоғырланғаны ойналайтындай дүние. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Олигополия дегеніміз не? Елдегі негізгі экономикалық секторларды белігілі бір топтың шынымен толықтай басқаруы олигополияның классикалық белгісі. Өкінішке қарай, бұл біздің елде орын алған жағдай. Олар мемлекеттік деңгейде шешілетін мәселелерде ерекше ықпалға ие екен және жоғары билікке өте жақын. Бұл толықтай біздің елде орын алып жатқан жағдай», − деді Президент.