Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады

Автор: Azattyq Rýhy

Биыл қалада 70 бақыланатын жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқталмақ

Фото: velomesto.com

Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту және қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру бойынша осы жылға арналған жоспарларын бөлісті.

Атап айтқанда:

– бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 30 бағдаршамның құрылысын аяқтау;

– бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 70 бақыланатын жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;

– Алматы қаласында реттеудің қосымша құралдары бар 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;

– 70 көшеге 200 мың шаршы метр жол таңбалау сызығын салу жоспарлануда;

– 3 843 дана жол белгілерін орнату және қалпына келтіру. – апаттық-қауіпті аймақтарда 5 мыңнан астам метрден жол қоршауын орнату;

– арнайы бағандарды орнату – 2 мың дана;

– веложолақтармен (веложолдармен), велосипед бағдаршамдарымен 65 бағдаршамды толық жабдықтау.